- Басты
- Жаңалықтар
- Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды
Тәжікстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды
Кездесу барысында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Тәжікстанның қатысу келісімшартына қол қойылды.
Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен тәжікістандық секцияның Комиссары Шариф Саид қол қойды.
«Тәжікстан көрмеге қатысу келісімшартына қол қойған 90-шы мемлкет. Ағымдағы жылдың аяғына дейін көрмеге қатысушы мемлекеттер санын 110-ға жеткізбекпіз әрі 2017 жылдың қаңтарында барлық келісімшарттарға қол қоятын боламыз», - деді Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде, ұлттық секция Комиссары Тәжікстанның баламалы энергия саласындағы барлық жетістіктерін көрететіндігін жеткізді. «Тәжікстанда гидроэнергетикалық ресурстың ауқымды қоры бар. Бүгінде біз оның тек 5 пайызын ғана қолданып отырмыз. Сондықтан ЭКСПО-2017 алаңы біз үшін үлкен мүмкіндік», - деп атап өтті Комиссар.
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер тізімін жасау екі кезеңнен тұрады. Алдымен мемлекет қатысатындығын ресми растайды және келесі кезеңде қатысу келісімшартына қол қояды.
Соңғы аптада көрмеге қатысатындығын Словакия мен Греция растады. Испаниямен қатысу келісімшартына қол қойылды. Жақын арада тағы 3 мемлекетпен: Бельгия, Катар мен Өзбекстан қол қоятын болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды