• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ИЖТМ мен елордалық ЖОО геологтарды дайындау жөнінде меморандумға қол қойды

ҚР ИЖТМ мен елордалық ЖОО геологтарды дайындау жөнінде меморандумға қол қойды

9 Желтоқсан, 2013 16:28
Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев пен еліміздің техникалық ЖОО өкілдері геология мен жер қойнауын игеру саласындағы кадрлық әлеуетті арттыруда әріптестік пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Қазгеология» АҚ баспасөз қызметі.

«1991 жылдан бастап геология мамандарына сұраныс болған жоқ. Сол себепті кадр дайындау мен мамандарды өндіріске тартуда вакуум пайда болды. Осыған орай, геологиялық саланы кадрмен қамтамасыз ету ҮИИД МБ аясында салалық даму бағдарламасында қабылданған негізгі бөлім болды», - делінген хабарламада.

Қол қойылған құжаттың мақсаты геологиялық саланы дамыту, және оған кадр дайындау.

Сонымен қатар, ҚР ИЖТМ мәліметінше, кадрлық әлеуетті арттыруға ынталандыру үшін қосымша шаралар қолға алынуда.Солардың арасында «Жас геолог» үйірмесін дамыту, ЖОО мен «Болашақ» бағдарламасында аталмыш мамандық бойынша гранттарды көбейту, үздік студенттерге стипендия беру, ел іші мен шетелдерде студенттерге өндірістік тәжірибе ұйымдастыру.

Жалпы, 2013 жылы «Геология және пайдалы қазбалар орнын барлау» мамандығы бойынша қазақстандық ЖОО-ы 3324 маман дайындады. Соның ішінде 1456-сы мемлекеттік тапсырыс бойынша.

Естеріңізге меморандум «Геолгия-360°» диалогтық алаңын өткізу аясында ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар