• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мырзахметов: Мемлекеттік қолдау барлық фермерлер үшін қолжетімді болады

А.Мырзахметов: Мемлекеттік қолдау барлық фермерлер үшін қолжетімді болады

18 Қараша, 2016 17:54
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қостанай облысындағы шаруалармен кездесу барысында АШТӨ-ні барынша қамти отырып мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

«Қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласында субсидиялаудың 33 бағыты бар, олар бойынша 2015 жылы 69 млрд теңге бөлінген. Бағдарлама аясында субсидиялардың 6 түрі қаралатын болады», — деді А. Мырзахметов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, сиыр еті, сүт, қой еті өндірісі үшін субсидиялар бойынша негізгі алушылар ірі шаруашылықтар болып табылады (жалпы соманың 60%-ы). Осыған байланысты, осы бағыттар бойынша критерийлер төмендетіліп, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысу мүмкіндігі беріледі. Осының есебінен алушылар саны 2,5 есе артады.

Еске сала кетейік, вице-премьер АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен әзірленіп жатқан тұжырымдаманы түсіндіру үшін өңірлерге сапарын жалғастыруда. 

Барлық жаңалықтар