- Басты
- Жаңалықтар
- АРАЗ рельстерді экспортқа алғаш жеткізуді бастады
АРАЗ рельстерді экспортқа алғаш жеткізуді бастады
Ағымдағы жылғы 09 қарашадағы жағдай бойынша «Узбекистон темир йуллари» АҚ (Өзбек темір жолдары) мекен-жайына ағымдағы жылдың соңына дейін Өзбекстанға жеткізу жоспарланған 5 000 тоннадан 330,8 тонна жөнелтілді. Алдында, қазан айында, зауыт 280,6 тонна көлемінде Ресейге - «Лебединский ГОК» АҚ мекен-жайына рельстердің алғашқы партиясын жөнелтті, деп хабарлады Қазақстанның даму банкі баспасөз қызметі.
2016 жылдың қорытындысы бойынша АРАЗ 80 000 тоннаға дейін өндіруді жоспарлауда, олардың 90% астамы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажетіне, қалған көлемі – қазақстандық пайдаланушыларға және көршілес елдерге экпортқа жеткізіледі.
АРАЗ – Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағындағы ұзақ өлшемді (120 м) термонығайтылған теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі. АРАЗ құрылысы 2013 жылдың сәуір айында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд теңгені құрады, қажетті қаржыландырудың 70% дейін ҚДБ тарапынан ұсынылды.
АРАЗ илемдік орнағының жобалық қуаттылығы жылына 430 000 тонна прокатты құрайды, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған термонығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельс, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған бір қалыпта құйылған өнімдер.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады -
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады