- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2019 жылғы қыркүйектен бастап 0 сыныптарда бірыңғай мектепалды бағдарламасы енгізіледі
ҚР-да 2019 жылғы қыркүйектен бастап 0 сыныптарда бірыңғай мектепалды бағдарламасы енгізіледі
«Даярлық сыныптарында бірыңғай мектеп алды бағдарламасы 2016 жылғы қыркүйектен бастап ел бойынша енгізіледі деп жоспарлануда. Пилоттық жоба аясында ҚР БҒМ 2017 жылдан бастап даярлық сыныптары үшін бірыңғай бағдарлама мен бірыңғай базалық оқулықтар енгізуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Білім саласындағы тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың пікірлерінше, мектепалды дайындықтан бастап балалар «Әліппені» («Букварь») меңгерулері қажет.
5-6 жастағы балаларға үшін «Әліппені» («Букварь») үйрету жүктемесі қазіргідей үш айдың ғана көлемінде жүргізілмей, оқу жылы барысында меңгеруге бағытталатын болады. Балалар әріптерді тануға, буындап оқуға, тыңдалған дыбыстық сөздерге талдау жасауға үйренетін болады.
«1 сыныптан бастап жазуға үйрету басталады. Өйткені 5-6 жастағы балалардың ұсақ моторикаларды жазу үшін жеткілікті деңгейде дамымаған», - деп түсіндірді ведомствода.
Халықаралық тәжірибелерді зерттеп, бұл елдердің де осы жолды таңдағандарын көруге болады. Мысалы, Беларусияда «Әліппе» 2-5 жастағы бөбектер үшін шығарылған. «Әліппенің» ерекшелігі – әрбір әріпке сәйкесінше қайталанбас образдар берілген, осыған орай балалар әріптерді ынтасымен үйреніп, өзара ұқсас әріптерді алмастырып алмайды. Ресейде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін электронды «Әліппе» жасалған. Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстар мен екпіндермен, буындармен және сөз тіркестерімен ойын түрінде танысады.
Қазіргі таңда ҚР БҒМ 5-6 жастағы мектепалды дайындық балалары үшін интерактивті технологиялар негізінде балалардың қабылдауына ыңғайлы «Әліппе» («Букварь») оқулығын әзірлеуді бастады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті