- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының инноваторлары жаңа бағдарлама аясында 100 млн теңгеге дейін несие ала алады
Алматының инноваторлары жаңа бағдарлама аясында 100 млн теңгеге дейін несие ала алады
18 Қараша, 2016 16:19
Алматылық кәсіпорындар Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» қоры іске асыратын «Алматы Инновациялар» жаңа өңірлік бағдарламасы аясында 100 млн теңгеге дейін несие ала алады. Бұл жөнінде «Almaty Innovations» орталығы мен Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «Инновациялар» желісі бойынша ШОБ қаржыландыру бағдарламасын таныстыру барысында белгілі болды.
Бағдарлама шарттары бойынша қарызға алынатын қаражат инновациялар саласындағы бизнес идеяларын іске асыруға, сондай-ақ айналым қаражатын толтыруға бағытталуы мүмкін. Бөлінген соманың төрттен бір бөлігі стартап-жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады, деп хабарлады кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
«Даму» қорының бас менеджері Зарина Карменова атап өткендей, кәсіпкерлер олардың қызметі инновациялық қызмет критерийлеріне сәйкес келген жағдайда несие ала алады.
Кәсіпкер несие алуы үшін банктің жобаны қаржыландыру туралы мақұлдауын алуы қажет. Осыдан кейін, банк мақұлданған жобалар тізімін қала әкімдігіне ұсынады. Оң шешім қабылданған жағдайда кәсіпкер шартқа қол қояды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек