- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Назарбаева: Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси әріптесі (ФОТО)
Д. Назарбаева: Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси әріптесі (ФОТО)
18 Қараша, 2016 13:46
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Билахари Каусиканды қабылдады, деп хабарлады Сенат.
Д. Назарбаева Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өтті.
«Парламенттер, үкіметтер және іскерлік топтар деңгейінде қарым-қатынастар жалғасуда», - деді сенат мүшесі.
Қазақстанға «Астана клубының» отырысына қатысу үшін келген Б. Каусикан Еуразияның дамуының негізгі мәселелерін талқылауға арналған халықаралық сараптамалық алаңның жоғары ұйымдастырушылық және мазмұнды деңгейін атап өтті.
Б. Каусикан екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қанағаттанып, Д. Назарбаеваны Сингапурға шақырды. Сенат мүшесі сингапурлық компаниялардың Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатынына сенім білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады