- Басты
- Жаңалықтар
- Қылмыстық әділет саласын жаңғырту адам құқықтарын сақтауды нығайтады - Нығматулин
Қылмыстық әділет саласын жаңғырту адам құқықтарын сақтауды нығайтады - Нығматулин
Маңызды шараны алғы сөзбен Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ашты.
Елбасы әрқашанда осы саланы заманға сай жетілдіру, заң жағынан реформалау, үздік тәжірибелерді пайдалану жөнінде тапсырмалар беріп келе жатқанын, соның нәтижесінде, бүгінгі күні елімізде жаңа құқықтық және процестік институттар жұмыс істей бастағанын айтқан Мәжіліс Төрағасы осы орайда қылмыстық саясатқа ерекше көңіл бөлу керектігін алға тарта келіп, Парламент жаңа редакцияда қабылдаған Қылмыстық, қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерде адам құқығын қорғауды күшейтуге, сотқа дейінгі тергеудің жаңа тәжірибесін енгізуге, прокуратура мен соттың рөлін арттыруға баса назар аударылып отырғанын атап өтті.
«Әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, қабылданған заңдардың саны емес, олардың сапасы мен тиімді орындалуы - ең басты мәселе. Сондықтан, заңдардың әрбір сөйлемі, әрбір сөзі,әрбір белгілері барлық азаматтарымыз үшін өте маңызды сұрақ, өте маңызды мәселе», - деді Мәжіліс Спикері.
Одан әрі тыңдау барысында қылмыстық сот ісін жүргізу аясына тартылған адамның және азаматтың конституциялық құқықтарының сақталуы, қылмыстық процестің жарыспалылығы, экономика мен кәсіпкерлікті дамыту шарттары, экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін дамыту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды. Шараға Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жетекшілік етіп, еліміздің Бас прокуроры Ж. Асанов, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, тағы басқалар баяндама жасады. Тыңдауға Парламент өкілдерімен қатар, Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, ҰҚК, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, Ішкі істер, Әділет, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты. Сонымен бірге, саяси партиялар мүшелері, Республикалық адвокаттар алқасы, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы, мемлекеттік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар шақырылды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты