ҚР ИЖТМ жыл соңына дейін 200 кен орнын аукционға салады

9 Желтоқсан, 2013 16:00
Бұл туралы «Геология-360» диалогтық алаңында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«Біз мұны жаңа жылға дейін орындауды көздеп отырмыз. Бізде қаулы жобасы жасалды, өздеріңізде  білесіздер, қағазбастылық пен жаңа жыл демалыстарын ескерсек, жыл соңына дейін кен орындарын бәссаудаға шығарып үлгеруіміз керек. Мұнайшыларда барлығы өткізілгені айтылды. 200-ге жуық кен орнын саудалауды жоспарлап отырмыз», - деді Нұрлан Сауранбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвесторлардан жер қойнауын игеру құқы бойынша ашық бәссауда өткізу үшін қатысушылар тізімін жариялады.

2008 жылы қойылған мораторий жаңа кен орны мен мұнай қойнауларын игеруге лицензия беруге таратылып кетті. Қазақстан билігі аталмыш мораторийді енгізу қажеттілігін шығарушы салада тәртіп орнату  мен кен игеру туралы жаңа заңнаманың қабылдануымен түсіндірген.

Алайда өткен жылдың соңында ҚР Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Үкіметіне әлсіз дамыған өңірлерге инвестор тарту мақсатымен мораторийдің күшін жоюды тапсырды.

Мемлекет басшысының мәліметінше, «өңірлердің қызығушылық танытуына сай, жер қойнауын игеруге қойылған мораторийді алып тастау керек. Біз заманауи қондырғыларға ие әлеуетті инвесторларды өңірлерге тартуымыз керек. Инвесторлар Қазақстанда жаңа кен орындарын аша отырып жұмыс істеулері керек»

Барлық жаңалықтар