- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы апатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін 1386 пәтер салынады
Астанадағы апатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін 1386 пәтер салынады
«Апатты үйлердің иелерін көшіру үшін тапсырылатын үйлердің жалпы көлемінен ауданы 63мың м2 болатын 1 386 пәтерді ақысыз негізде коммуналдық меншікке өткізу жоспарланған. Еркін нарықта ауданы 408 мың м2 болатын 8 010 пәтерді сату есебінен пилоттық жобаны қайта инвестициялау жоспарланып отыр», - деп хабарланады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
2017 жылдың соңына дейін елорданың тұрғын үй басқармасы апатты және ескі үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 111 үй құрылысын бұзуды жоспарлап отыр.
2013 жылдан 2017 жылға дейін салынған мерзімі 1940 - 1970 жылдар аралығына жататын, негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілерінің тозу пайызы жоғары 228 апатты үй құрылысын (3 367 пәтер) бұзу жоспарланған. Бұл - онда тұрып жатқан адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін үйлер.
Бүгінгі күні 117 апатты үйдің (1 555 пәтер) тұрғындары жайлы пәтерлерге көшірілді.
Қалған 111 апатты үйдің тұрғындары жоспарлы көшіру мерзімдері туралы ақпараттандырылды, оларды көшіру жұмыстары 2017 жылдың соңына дейін жүргізіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет