- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесіндегі АҚШ павильоны тапсыруға дайын – Есімов
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі АҚШ павильоны тапсыруға дайын – Есімов
Басқосу барысында екі жақ Америка Құрама Штаттарының халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі талқыланды.
Кездесуде А. Есімов америкалық делегация өкілдеріне «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар тапсырылды. Сондай-ақ, қатысушы мемлекет қызметкерлеріне пәтерлер де дайын. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр. АҚШ павильоны тапсыруға дайын», – деді А. Есімов.
«АРСО» компаниясы америкалық павильонның ашылуы бойынша жұмыстарды атқару үшін таңдалды. Біз барлық ұйымдастырушылық мәселелермен, айталық павильон дизайны, контенті, оны ілгерілету жұмыстарымен айналысатын боламыз» - деді Дон Бонкер.
Бүгінгі таңда Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын 106 мемлекет растады, 101 мемлекет өз комиссарларын таңдады, 90 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.
Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 10 маусым мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін болады.
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды