Қазақстанда тұңғыш рет республикалық ауылдық жасөспірімдер ойыны өтеді

9 Желтоқсан, 2013 15:22
Ақмола облысында 12-15 желтоқсан аралығында спорттың 5 түрі бойынша тұңғыш рет республикалық жасөспірімдер ойыны өтеді.

«Шара Көкшетау мен Щучинск қалаларында ұйымдастырылмақ. Қатысушылардың келуі 11 желтоқсанға жоспарланған», - делінген хабарламада.

Көкшетаудың шаңғы базасында шаңғы жарысы өтеді.  «Бурабай» спорт кешенінде хоккей мен хоккей жүгірісінен сайыс ұйымдастырылады.

Щучинскіде ЦСКА шаңғы базасында биатлоннан дода өтсе, «Дискавери» демалыс үйінде де бірқатар спорт түрінен өтетін болады.

 

Барлық жаңалықтар