- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да агроқұрылымдар саны 25 жыл ішінде 16,6 мыңға жетті
ШҚО-да агроқұрылымдар саны 25 жыл ішінде 16,6 мыңға жетті
Салтанатты шараға аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері мен ардагерлері, аграрлық сектордың озаттары қатысты. Жиналған жұртты өңір басшысы Даниал Ахметов құттықтады.
«Кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында сіздердің ел игілігі үшін атқарып жүрген жауапты жұмыстарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Биылғы мерейтойлы жылды облыстың аграрлық саласының қызметкерлері жақсы нәтижемен аяқтауда. Сіздер 1 миллион тоннадан астам дәнді дақыл жинап, 800 мың тонна сүт және 250 мың тонна ет алдыңыздар. Өткен жылмен салыстырғанда тамақ өнеркәсібінде өнімділік артып, өндіріс көлемі 2 млрд. теңгеге дейін өсті», - деді өз сөзінде ШҚО әкімі.
Іс-шараның аясында аграрлық сектордың 62 озаты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық «Еңбек ардагері» медальдарымен және «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілерімен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.
Атап өтер болсақ, облыстың өңірлік жалпы өнімінің 12 пайызы ауыл шаруашылығына келеді. Бүгін күні аймақта 16,6 мыңнан астам агроқұрылымдар жұмыс істейді. 2016 жылы облыстың ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 170 млрд. теңгеге жуық көлемде инвестиция салынған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті