• Басты
  • Жаңалықтар
  • Канада Парламентінің спикері қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады (ФОТО)

Канада Парламентінің спикері қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады (ФОТО)

17 Қараша, 2016 19:52
Оттавада ҚР-ның Канададағы елшісі Константин Жигаловтың Канада Парламентінің спикері Джеф Риганмен кездесуі өтті.

Қазақстанның елшісі әңгіме барысында еліміздің тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктері және институционалдық реформалар мен экономиканы әртараптандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.

Канадалық парламент мүшесі қазақстандық тарапты алдағы тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еліміздің экономиалық даму қарқынына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Кездесу барысында тараптар энергетика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы салаларындағы, сондай-ақ  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өзара іс-қимылды нығайту болашағын да талқылады. 

Барлық жаңалықтар