- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҰҚШҰ шеңберінде заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері талқыланды
Астанада ҰҚШҰ шеңберінде заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері талқыланды
Отырысқа Арменияның, Беларусьтің, Қырғызстанның, Ресейдің құзыретті органдарының өкілдері, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас Хатшысының орынбасары В.А. Семериков және Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Т.М. Сүлейменов қатысты.
Отырыста ҰҚШҰ форматында «Заңсыз келуші-2016» шартты атауымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операцияларды өткізу қорытындылары қарастырылды. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің көші-қон қызметтері мен шекара қызметтерінің ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларға сол елдерге кіруге тыйым салынған заңсыз көшіп-қонушылар мен адамдар және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағына тыс жерге шығарылып жіберілген және депортацияланған адамдар туралы ақпаратпен алмасу тетігін құру бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыруда өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ ҰҚШҰ Хатшылығының ақпараты бойынша тұрақсыз аймақтардан босқындардың ықтимал ағынымен байланысты жағдайды мониторингтеу нәтижелері қаралды, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің пана іздеген адамдар мен басқа елдерден босқындардың жаппай келуімен байланысты ықтимал төтенше жағдайларға ден қою мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев өзінің бастапқы сөзінде Қазақстанның заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылда басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасасуға, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін және 2017 Қысқы Универсиаданы өткізу қарсаңында еліміздің турситік және инвестициялық қызығушылығын жақсарту үшін маңызды болып табылатын экономикасы дамыған және саяси тұрғыдан тұрақты елдердің азаматтары үшін кіру жағдайларын жеңілдетуге ерекше назар аударатынын атап өтті.
Осы бағытта 19 елмен кірудің және болудың визасыз режимі туралы келісімдер жасалды. Одан басқа, алдынғы жылдың қаңтар айынан бастап тағы да 45 елге визасыз кіру ұсынылатын болады. Олардың ішіне Еуропа Одағының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық мемлекеттері кіреді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары