- Басты
- Жаңалықтар
- Прагада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтті (ФОТО)
Прагада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтті (ФОТО)
Елші Сержан Әбдікәрімов салтанатты кешті аша отырып, Қазақстан мен Чехияның жылы әрі достық қарым-қатынастары туралы айтып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Концерт бағдарламасында «Шабыт» ансамблінің, «Қорқыт-Ата» аспаптық ансамблінің, «Айгөлек» скрипкашы балалар ансамблінің орындауындағы қазақ туындылары ұсынылды. Музыкалық кеште белгілі чехиялық баритон, Еуропалық өнер одағының жоғары наградасының иегері Филип Банджактың операцилық ариялары тыңдалды.
Бағдарламаның шарықтау шегінде атақты скрипкашы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева сахнаға шығып, өзінің асқан шеберлігімен және өнерімен чехиялық фольклорлық және классикалық өнерді бағалаушылардың жүректерінен орын алды.
Концертке Чехия үкіметінің, парламентінің, дипломатиялық миссиялардың, іскерлік және мәдени топтардың, БАҚ өкілдері қатысып, қазақстандық орындаушылардың кәсіптік шеберлігін жоғары бағалады.
Анықтама үшін: Прагалық филармония Еуропаның беделді өнер орталығы болып табылады. Ол 1855 жылы салынған. Әр жылдарда осы залда өнер әлемінің ұлы әлемдік және еуропалық шеберлері өнер көрсеткен.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті