- Басты
- А.Есімов Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады
А.Есімов Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады

Кездесуде А.Есімов Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының соңғы кезеңі туралы баяндады.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алғашқы нысандар тыпсырылуға дайын, соның ішінде жалпы көлемі 285 мың шаршы метр болатын халықаралық павильондар бар.
«Франция, Германия, Қытай, Монако және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр», – деді А.Есімов.
Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының іс-шара өткеннен кейін де пайдаланылуы қажеттігіне, сондай-ақ қатысатын еріктілерді дайындау, мәдени іс-шаралар өткізу, республика өңірлерінің қатысуы, халықаралық көрмеге отандық туристердің тарту мәселелеріне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа жыл соңына дейін Қазақстан павильонының құрылысын аяқтау және оны тиісті тақырыпқа сәйкес мазмұндық тұрғыдан толықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
А.Есімов ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы барлық іс-шара жұмыс режімінде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде еріктілердің 3 мыңы дайындықтан өткен, қосымша тағы 1,5 мың еріктіні іске тарту көзделуде.
Мемлекет басшысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және халықаралық көрмеге қатысушылар мен қонақтарды орналастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы бүгінгі таңда іс-шараға қатысушыларға берілетін 1 374 пәтердің дайын екенін хабарлады.
Мемлекет басшысы бүкіл әлемде болып жатқан күрделі экономикалық үдерістерге қарамастан маңызды халықаралық іс-шара өткізуді жоспарлап отырғанымызды айтты.
Соңында Елбасы көрмені лайықты өткізіп, содан кейін Қазақстанда оның жетістіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Бізге шетелдік қатысушылар көрмеде көрсететін жаңа инновациялық технологияларды барынша пайдалану қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті
-
«Меморгандардан ақпарат алу қиын, бюджет қаражаты туралы мәлімет қолжетімсіз». Журналистер назы
-
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері
-
Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді

