- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар кәдеге жаратуға арналған автомобильді өз бетінше бағалай алады (ФОТО)
Қазақстандықтар кәдеге жаратуға арналған автомобильді өз бетінше бағалай алады (ФОТО)
Бағдарламаға М1 категориясына жататын көлік құралдарының, яғни салмағы 3,5 тоннадан немесе жеті отырғызу орнынан аспайтын жеңіл автомобильдердің иелері қатыса алады. Көлік иесі көлік құралын одан әрі кәдеге жаратуға тапсырып, оның орнына ақшалай өтемақы ала алады.
Жобаны іске асыру аясында автокөлік құралын қашықтықтан бағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ӨКМ операторының бас кеңсесі мен жинау пункттері арасында электрондық құжат айналым жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе әзірленген.
«Кәдеге жарату төлемінің» мөлшері екі кіші категория бойынша қалыптасады: жиынтығы толық - 150 мың теңге және жүрмейтін автомобильдер, бұл ретте шанағы, есігі, қозғалтқышы бар - 48 мың теңге.
Директордың айтуы бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 17 өңірінде пайдаланудан шыққан көлік құралдарын (ПШКҚ) жинау пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатыр.
«Бағдарламаның іске қосылуы экологиялық емес және қауіпсіз емес көлік құралдарының санын қысқартуға бағытталған», - деді Р. Темірбек.
ҚР Энергетика министрлігі жобаны іске асыру үшін 2016 жылдың соңына дейін 10 мың автомобильді өтеуін төлеп сатып алуға квота бөлгені атап өтілді.
Ботагөз Айтжанова
Сурет Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді