• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында 10 отбасы қоныс тойын тойлады

Алматы облысында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында 10 отбасы қоныс тойын тойлады

9 Желтоқсан, 2013 15:10
Алматы облысы Қарасай ауданында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында 10 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды BNews.kz облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспаналы болғандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, жас мамандар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандар мен көппалалы отбасылары және мүмкінігі шектеулі жандар бар. 

Жаңа Шамалған ауылдық округы Шамалған стансасының бес тұрғыны мен Елтай ауылдық округы Исаев ауылының бес тұрғыны баспаналы болды. 

Баспана кілтін табыс ету рәсімінде құттықтау сөз айтылып, шашу шашылды. Қарасай аудандық құрылыс бөлімінің хабарлауынша, Исаев ауылында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге 33 млн теңге, инженерлік-коммуникациялық желілер тартуға 36 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Ал Шамалған стансасында салынған тұрғын үйлерге 33 млн теңге, коммуникация желілерін тартуға 35 млн теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында басталып, қарашаның соңында аяқталды. Жалға берілетін үш бөлмелі пәтерлердің жалпы аумағы 70 ш.м. құрайды.
 

Барлық жаңалықтар