- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 60-тан аса шара дайындалып жатыр
Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 60-тан аса шара дайындалып жатыр
«Педагогтерге, дәрігерлерге, спортшыларға, құрылысшыларға, кәсіпкерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға және еңбек ұжымдарына, жас республиканың дамуына елеулі үлес қосқан, Қазақстанды шетелге танытқан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған көрмелер мен концерттерді тамашалай алады», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, 13 желтоқсанда Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғ.) «Мәңгілік ел - Қуатты Қазақстан» мерекелік концерті өтеді; 22 желтоқсанда «Ақбұлақ» өзенінің жағалауында және «Жерұйық» саябағында «Мұз үстіндегі қала» мұз қалашықтары, мектептердің аумақтарында хоккей корттары ашылады; желтоқсанның 10-ынан 12-сіне дейін «Алматы» ауданының тұрғын алаптарында «Астана шаттық» автокеруені Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді; 23 желтоқсанда «Қазақстан» спорт сарайында жетім балалар мен аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін тегін негізде мұзда коньки тебу шарасы ұйымдастырылады.
Атап өтерлігі, зейнеткерлер, көп балалы және тұрмысы төмен азаматтар 18, 19, 24, 25, 26 қараша күндері М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында және 29 қарашаға дейін Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында қойылымдарды тегін тамашалай алады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр