Қазақстанда ЖІӨ нақты көлем индексі 31 трлн құрады

17 Қараша, 2016 10:56
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 31 231 348,1 млн теңгені құраған.

Осы ретте, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпараты бойынша, ЖІӨ нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4% құраған.

ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 36,9%, көрсетілетін қызметтер 56,7% алады.

Одан басқа, ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ көлемі – 1 456 043,0 млн теңгені, өнеркәсіп саласында – 8 204 353,3 млн теңгені, құрылыс саласында 1 832 675,7 млн теңгені құрайды деп хабарланады.

Барлық жаңалықтар