- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру мәселелерін талқылады
Сенаторлар Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру мәселелерін талқылады
Сенат хабарлағандай, әскери доктринада еліміздің Қарулы Күштерін, әскери құрылымдарды дамытудың 12 кешенді шарасы белгіленді. Олар Қарулы Күштердің құрылымдарын оңтайландыруды және жетілдіруді; оның жауынгерлік құрамын күшейтуді; стратегиялық аралық сипаттағы толыққанды әскери топтарды құруды; басқарудың автоматты жүйесі мен коммуникация құралдарын енгізу есебінен әскерді басқару жүйесін жетілдіруді; ақпараттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құруды; әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруді; қазіргі заманғы қару-жарақ және техникамен, оның ішінде дәлдігі аса жоғары қарулармен жабдықтау есебінен әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруды; әскерлердің жауынгерлік дайындық жүйесіне қазіргі заманғы даярлық кешендерін енгізуді; әскери білім беру және мамандар даярлау жүйесін жаңғыртуды; мемлекет аумағын және Каспий аймағындағы әскери инфрақұрылымдарды жедел жабдықтауды жетілдіруді және басқа да міндеттерді қарастырады. Әскери доктрина аясында Қарулы Күштерді, басқа әскерлерді және әскери құралымдарды кешенді дамыту туралы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов баяндады.
Талқылау барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Сәбит Битаев сөз сөйледі. Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев және Серік Жақсыбеков Әскери доктринаны іске асыруға, әскери сала мен қорғаныс туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша Дариға Назарбаева әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және еліміздің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік беретін басқа да мәселелерді талқылау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс тобын құруды ұсынды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті еліміздің Қарулы Күштерінің Қарағанды гарнизонындағы Әуе қорғанысы әскери бөліміне баруды жоспарлап отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру