• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҒМ бiлiм беру нысандарының құрылысын салуды әкiмдер мен ректорларға жүктемек

БҒМ бiлiм беру нысандарының құрылысын салуды әкiмдер мен ректорларға жүктемек

9 Желтоқсан, 2013 14:47
2014 жылдан бастап бiлiм беру нысандарының құрылысы әкiмдiктерге жүктелетiн болады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Бiлiм және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiпов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Келесi жылдан бастап бiз республикалық нысандарды қоса алғанда, олардың құрылысын жүргiзу мiндетiн облыстарға жүктейтін боламыз. Әкiмдiктер құрылысты өздерi жүргiзетiн болады. ЖОО мен жатақханаларға келетін болсақ, оған университет өзі жауапты болады. Ректор нысан құрылысының салыну мерзiмi, сапасы сынды мәселелерге өзi жауап беретiн болады», - дедi министр.

«2010-2011 жылдары министрлік 14 республикалық нысанның құрылысын бастады. Бүгінгі таңда барлық нысандардың құрылыс уақыты өтіп кетті, құзыр жүйесі тиімді жұмыс істей алмады. 6 нысан бойынша шағым түсті, жыл соңына дейін күтетін боламыз. Қосымша  талаптарды ұсынатын боламыз», - деді БҒМ басшысы.

Қазір министрлік Үкіметте облыстық әкімдіктерге құрылыстың техникалық бұзылуы бойынша көмек көрсету сұрақтарын қарастыруда.
 

Барлық жаңалықтар