- Басты
- Жаңалықтар
- Италияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттер өтті
Италияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттер өтті
Қазақстан өнер шеберлерінің Италиядағы концерттері ү.ж. 12 қарашада Милан қаласындағы Пиккало театро және 14 қарашада Рим қаласындағы Академия Санта Чечилия атақты концерт залдарында өтті. Әртістердің өнер көрсету бағдарламасы қазақ дәстүрлі музыкалық мәдениетінің байлығы мен алуандығын жарқын көрсетті. «Ұлы Дала сазы» бастамасы түрік әлемінің ерекшелігін білдіретін күй қалыптастырды. «Қазақконцерт» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауындағы қазақ халқы музыкасы мен «Арлан» ұлттық костюм театрының әртіс-батырлары көрермендерге қазақ халқының ежелгі тарихына көз салуға ерекше әсер туғызды.
Көрермендер қатарына үкімет мүшелері, депутаттар, Милан және Рим қалалары әкімшілігінің өкілдері, университеттердің профессорлық-оқытушы құрамы, студенттер және оқушылар, Италиядағы қазақ диаспорасы, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялар және БАҚ өкілдері кірді.
Концерттік бағдарламада ұлттық ән айту өнерінің жарқын өкілі Ерлан Рысқали, «Шолпан» би ансамблі, әнші Әсел Қарсыбаева және тағы басқалар қатысты. Итальяндық қауым сонымен бірге қазақ халқының саз аспаптары домбыра, қыл-қобыз, жетіген және саз сырнаймен танысып, атақты орындаушы Аян Омаров, Анар Мұздыханова, Айгерім Қожабаева және Мира Тастенованың орындауындағы күй-сазбен тамсанды.
Академиялық бағыттағы атақты әншілер Айгерім Алтынбек және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтұрғызов қазақ композиторларының туындысымен қатар итальян ән өнерінің үздік туындыларын орындады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті