- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар қандағы глюкоза деңгейін тексеру бойынша зертханалық диагностикадан тегін өте алады
Қазақстандықтар қандағы глюкоза деңгейін тексеру бойынша зертханалық диагностикадан тегін өте алады
ҚР ДСӘДМ хабарлағандай, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАҚ) ұйымдарында эндокринолог, терапевт, педиатр, офтальмолог және басқа мамандарды тартумен ашық есік күндері өтеді.
Ниет білдірушілер қандағы глюкоза деңгейін, қант диабетіне шалдыққан пациенттердің гликирленген гемоглобиның, бойын және дене салмағын, артериалды қан қысымы деңгейін анықтау үшін зертханалық диагностикадан өте алады.
Диабет мектептерінде дұрыс тамақтану, қантты төмендететін дәрілік заттарды қолдану, липидтік алмасуды және артериалды қан қысымын нормаға келтіру бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатерінің (тамақтану, қимыл белсенділігі, күйзелісті басқару, зиян әдеттер) жағымсыз әсерін төмендету үшін пациенттерге дағдылар қалыптастыру бойынша сабақтар өтеді.
Одан басқа, әрбір ниет білдіруші «Диабетті жеңіндер» атты ақпараттық акцияға қатыса алады. Оның мақсаты – қант диабетімен күресу үшін қоғамның күшін біріктіру. Акцияға қатысу талаптары бойынша «Супер форма сақтаңдар!» тақырыбында, мысалы: спортпен шұғылдаңындар, зиян әдеттерден аулақ болыңдар, профилактикалық тексеруден өтіңдер, өмірді жақсы көріңдер және т.б. қысқа үндеу хаттарды параққа жазып, фейсбуктегі өз бетінде немесе «Диабетті жеңіндер» бетінде diabetes# хэштэгін қосып, фото орналастыру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні Халықаралық диабет федерациясының және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамашылығымен 1991 жылдан бері атап өтіліп келеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады