• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин: Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы мемаппараттың тиімділігін көтеруге ықпалдасады

Н.Нығматулин: Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы мемаппараттың тиімділігін көтеруге ықпалдасады

16 Қараша, 2016 11:42
Мәжілістегі жалпы отырыста Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген заң жобасы мемлекеттік қызмет  саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Бүгін Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы адал қызметкерлерді мансаптық баспалдақ бойынша ілгерілетеді, олардың жинаған тәжірибелері мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыруға  жұмыс жасайды. Мемлекеттік және  құқық қорғау қызметінің  стандарттарын үйлестіру  Президент және халыққа қызмет ету мақсатына топтастырады», - деді Н.Нығматулин.

Мемлекеттік  қызмет  туралы заң жобасына енген өзгертулер мемлекеттік қызметтегілерге ішкі конкурсты өткізгеннен кейін ұйымдастырылатын сыртқы конкурстық үрдістерді қысқартуға бағытталған.

Сондай-ақ, мемлекеттік органның құрылымында ішкі конкурстың тек қана бір кезеңін өткізу  қарастырылған.

Барлық жаңалықтар