- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан 25 жылда ұлтаралық келісімнің жаңа дәуірін құрды – Грекия
Қазақстан 25 жылда ұлтаралық келісімнің жаңа дәуірін құрды – Грекия
СІМ хабарлағандай, кездесу барысында сұхбаттасушылар түрлі екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, парламентаралық және мәдени-гуманитарлық байланыстар бойынша, сонымен қатар Грекия Республикасының қазіргі ахуалы мен жалпы өңірлік мәселелерімен ой бөлісті. Парламентші Қазақстан тәуелсіз 25 жылдың ішінде жалпы жаһандық ұлтаралық және дінаралық келісім процесінің «жаңа дәуірін» бастағанын алға тартты.
Сұхбат барысында тараптар заңшығарушы органдар арасында тығыз ынтымақтастық орнату қажеттілігіне, бұған қоса түрлі деңгейлі сапарлар өткізу, бірлескен іс-шараларға қатысу және парламентаралық байланыстарды нығайтуды көздейтін өзекті мәселелерде ашық диалог құруға ықтиярлықтарын жасырмады.
Грек депутаты Қазақстанды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген идеяларына сәйкес жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде жемісті тәжірибе жинаған ел деп атады. Л. Грикоракос 2017 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орай, Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатымен Астанаға грекиялық парламенттік достық тобы депутат-мүшелерінің сапарын ұйымдастыруға зор қызығушылық танытты.
Грекия Парламенті тарапымен «Қазақстан – ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімін» ратификациялау барысы кездесудің маңызды тақырыбына айналды. Елші аталған ауқымды құжаттың бекітілуі Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағына мүше Грек Республикасы арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың жаңа сапалы даму деңгейіне жол ашатынына назар аударды.
Л. Григоракис, өз кезегінде, Қазақстан-Еуропа және қазақстандық-грекиялық әріптестігінің стратегиялық маңыздылығын ескере отыра, келісімнің шұғыл бекітілу қажеттігімен келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты