- Басты
- Жаңалықтар
- БҒМ орыс мектептеріндегі бірқатар сабақтарды қазақ тілінде оқыту мәселесін қарастырады
БҒМ орыс мектептеріндегі бірқатар сабақтарды қазақ тілінде оқыту мәселесін қарастырады
«Жалпы, бізде оқыту тілі бойынша шешімін таппаған бір мәселе бар. Бұл өте күрделі мәселе. Тілдер қазіргі заманауи әдістемеге сай жүйелік деңгеймен оқытылады. Бізде қазақ тіліндегі деңгейлік жүйе жазылды, алайда оқулықтар шығарылмаған. Сол үшін барлық оқулықтарды қайта басуымыз керек», - деді А.Сәрінжіпов.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 100 орыс мектебінде аталмыш жүйе енгізілген. Кей сабақтар қазақ тілінде оқытылуда.
Сонымен қатар, бас ұстаз қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жүйесін енгізу керектігін айтты.
Сәрінжіповтың мәліметінше, еліміздің барлық мектептерінде тілдің үш тұғырлылығын енгізу керек.
«Біз мектептерді үш тілді етуіміз керек. Және мектеп түлектері оқуды бітірген кезде үш тілді еркін меңгерулері керек. Қазақ тілін өз мәдениетін, әдебиетін білу үшін, орыс тілін байланыс құралы үшін, ал ағылшын тілін технологияны көтеру үшін игерулері керек. 10-20 жылдан кейін мектептер қазақ-орыс тілді болып бөлінбей, үш тілді болулары керек», - деді бас ұстаз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»