- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Отырар ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд теңгеге өсті
ОҚО-ның Отырар ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 млрд теңгеге өсті
Облыс әкімдігі хабарлағандай, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 11 млрд 522 млн. 700 мың теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.
Өңіріміздің аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаңадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, осы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд 539 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 179 млн теңгеге өскен. Ал игерілген суармалы жердің көлемі 24 мың 338 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 700 гектарға артқан. Бүгінгі таңға дәндік жүгеріден 27 677,5 тонна, көкөністен 9 610,5 тонна, бақшадан 110 428 тонна, картоптан 2009,2 тонна өнім жиналды.
Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі аудандағы жеткен жетістіктерді ғана емес ондағы проблемаларды да көтеріп,оны шешу жөнінде ұсыныстарды да қоса ұсыну қажеттігін ескертті. Мәселен, ауданда 17 мың га жер игерілмеген. Елді мекендерді газдандыру және суармалы жерлердің көлемі төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық орындарындағы қылмыс 90 пайызға өскеніне тоқталған аймақ басшысы жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеуді тапсырды.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда