• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей көшбасшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

16 Қараша, 2016 08:49
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Əңгіме барысында Қазақстан мен Ресей көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сондай-ақ күн тəртібіндегі халықаралық мəселелер, соның ішінде Сириядағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. 

 

Барлық жаңалықтар