М.Жүрінов: Валюта – Тәуелсіздігіміздің синонимі

15 Қараша, 2016 19:28
Валюта – Тәуелсіздігіміздің синонимі, деді Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жүрінов.

«Валюта  кез келген мемлекеттің  басты нышаны болып табылады: шекара, әскер және валюта. Валюта – Тәуелсіздігіміздің  синонимі, оның мағынасы тереңде жатыр. Банкнотта Елбасы  суретінің бейнеленуі  нығаюға салмақ бере түседі», - деді М.Жүрінов.

Айта кетейік, Қазақстанда  ҚР Президенті Н.Назарбаев белгіленген  10 мың теңгелік  банкнот таныстырылды. Банкнот Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай жарық көрді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар