- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылға дәрілік заттарды жеткізуді аяқтады
Қазақстанда 2016 жылға дәрілік заттарды жеткізуді аяқтады
2016 жылы «СК-Фармация» ЖШС-і еліміздің 1115 денсаулық сақтау ұйымдарына барлығы 114 млрд. сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 958 атауын жеткізді. Оның ішінде: отандық өндірушілерден, соның ішінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша- 25,2 млрд. теңгеге; тікелей шарттар бойынша шетелдік өндірушілерден аналогы жоқ препараттарды - 16,7 млрд. теңгеге; тендер шеңберінде 71,9 млрд. теңгеге сатып алынды.
Сондай ақ, мемлекет бюджетінің 5,4 млрд.теңгесі үнемделді. Бірыңғай дистрибютердің 7 жылдық қызметі барысында жалпы үнем - 41,9 млрд. теңгені құрады.
«СК-Фармация» ЖШС-ның тарихында тұңғыш рет 2017 жылдың тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердің 90% бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жеткізілімін осы жылдың желтоқсанында жүзеге асыруға дайын.
Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканың жаңа әдістері енгізілді. Оның негізгі ерекшелігі – медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдың 15-не дейін жүзеге асыру.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады