• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің мерейтойлық 40-шы сессиясының жұмысына қатысады

ҚР Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің мерейтойлық 40-шы сессиясының жұмысына қатысады

9 Желтоқсан, 2013 14:30
11 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің мерейтойлық 40-шы сессиясының жұмысына қатысады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ресми өкіл Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«9-10 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің мерейтойлық 40-шы сессиясының жұмысына қатысады. Саммит Гвинеяда өтеді», - деді Алтай Әбибуллаев.

Ресми өкіл мәлім еткендей, сонымен қатар 11 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Эфиопия федералды-демократиялық республикасына ресми сапармен барады.

«Бұл Эфиопияға ҚР Сыртқы істер министрінің алғашқы ресми сапары. Африка мемлекеттермен ынтымақтастықты жандандыру және Африкалық одақтың штаб-пәтеріндегі кездесулердің басты мақсаты – халықаралық сахнадағы еліміздің сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетіп, жағрапиялық кеңеюіне бағытталған», - деп толықтырды ол.

Барлық жаңалықтар