• Басты
  • А.Мырзахметов: Президентті ұлттық валютада бейнелеу- әлемдік тәжірибе
15 Қараша, 2016 16:19

А.Мырзахметов: Президентті ұлттық валютада бейнелеу- әлемдік тәжірибе

Президентті ұлттық валютада бейнелеу- әлемдік тәжірибе, деді «Атамекен» ҰКП-сының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
А.Мырзахметов:  Президентті ұлттық валютада бейнелеу- әлемдік тәжірибе

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай құрметке лайық деп ойлаймын. Себебі, Елбасы тәуелсіздігімізді алып беріп, мемлекетімізді нығайтты. Сондықтан ҚР Тұңғыш президентінің бейнесі ұлттық валютада көрсетілуі меніңше халықтан көңілінен шығады. Елімізді аталмыш мерекемен құттықтаймын!», - деді «Атамекен» ҰКП-сының басқарма төрағасы.

А.Мырзахметов айтып өткендей, 1993 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валютамызды айналымға шығарды. Ал осы конференцияда Елбасының бейнесі бейнеленген жаңа банкнот көпшілік қауымға таныстырылды.

«Бір айдан соң біз тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздіктің бір белгісі болып табылатын Ұлттық валюта күнін тойлаудамыз. Осыдан 23 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валютамызды айналымға шығарды. Ал осы конференцияда Елбасының бейнесі бейнеленген жаңа банкнот көпшілік қауымға таныстырылды. Мұндай тәжірибе әлемнің барлық елдерінде бар. Сол елдің тарихында ерең еңбегі жоғары бағаланып, сол ұлт көшбасшысының бейнесін өз валюталарына басып шығарады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар