- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Дмитрий Голобурда 1973 жылы 17 шілде күні дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
1995 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеді.
2009-2012 жылдар аралығында «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК Директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметі Директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
2014 жылдың сәуірінен бастап қазан айына дейін - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Төрағасының орынбасары.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі болып тағайындалуына дейін Д. Голобурда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы лауазымын атқарды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы