Премьер-Министр Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады

9 Желтоқсан, 2013 14:00
9-10 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бастаған ресми делегацияның Оңтүстік Корея Республикасына ресми сапары басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Бұл сапардың басты мақсаты - сауда-экономикалық, инвестициялық және индустриялды-инновациялық салаларда Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған», - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Серік Ахметов «Samsung Electronics» компаниясы мен «Ёнгхын» ЖЭС «D-Light» көрме кешенін тамашалайды.

Айта кетерлігі, Қазақстанда оңтүстіккорейлік капиталдың қатысуымен 700-ден астам серіктестік ұйым жұмыс  істейді.

Барлық жаңалықтар