Астанада Қазақстан-Сербия бизнес форумы басталды

15 Қараша, 2016 10:19
Астанада Қазақстан-Сербия бизнес форумы басталды, шараны Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» АҚ ұйымдастырды.

Шараға  екі елдің  200-ден астам  бизнес өкілдері қатысып жатыр.

Қазақстан-Сербия бизнес форумын Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» АҚ  ұйымдастырды. Шараға  екі елдің  200-ден астам  бизнес өкілдері қатысып жатыр.

«Соңғы  8 жылда  5 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл үлкен көрсеткіш болмаса да, қазақстандық және сербтік компаниялардың  әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Соңғы  8 жылда екі ел арасындағы сауда айналымы  200 млн долларды құрады. Қазақстан Сербияға  шикізат, минерал ресурстарын экспорттады. Тауар айналымын арттыруға болады», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғұзаров.

Қазақстанда қазір  14 бірлескен кәсіпорын серб капиталының  қатысуымен жұмыс  істейді. Қазақстандағы нарықта  сәтті көрсеткішке ие болған  «Энергопроект-Высокоградня» компаниясы, ол Алматыдағы метроның бірқатар станциясын салған болатын. 

Барлық жаңалықтар