- Басты
- Жаңалықтар
- Халықтың сенімділік деңгейін арттыру - ҚР құқық қорғау органдарының басты міндеті (ФОТО)
Халықтың сенімділік деңгейін арттыру - ҚР құқық қорғау органдарының басты міндеті (ФОТО)
Семинарды Құқық қорғау органдарының академиясы ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Іс-шараны аша отырып, Құқық қорғау органдары академиясының Институт директоры Нұрлан Дәниев атап өткендей, бүгінгі таңда халықтың сенім деңгейін арттыру еліміздің құқық қорғау жүйесі үшін маңызды міндет болып табылады. Осы тұрғыда БАҚ-пен және әлеуметтік желілермен тиімді іс-қимыл құру маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ ол ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар офисі өкілдеріне және сарапшыларына алғыс білдіріп, тыңдаушыларды курстың ерекшелігімен таныстырды, сондай-ақ барлығына белсенді және нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.
ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо өз сөзінде оқыту семинарының маңыздылығын және өзектілігін, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайдың талабына сай екенін атап өтті.
Тренингте қатысушылар БАҚ-пен өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, қазіргі заманғы коммуникациялар технологиясы мен құқықтық ақпаратты ұсыну ерекшеліктерін үйренетін болады. Әртүрлі жағдайлардағы сұхбаттасу алаңдарында жұмыс істеу дағдылары практикалық сабақтарда бекіте отырып жетілдірілетін болады.
Кәсіби спикерлердің дағдыларына прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік кірістер қызметтерінің баспасөз қызметкерлері оқытылады. Тренер ретінде қоғаммен байланыс саласындағы білікті сарапшылар тартылған.
Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы