- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланады
Сенатта 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланады
Бюро мүшелері жоғарғы Палатаның 17 қарашада болатын отырысының күн тәртібін келісті. Сенаторлар салық салу және кеден әкімшілендіру мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда талқылайтын болды.
Сондай-ақ, Палата мемлекеттің негізгі қаржы құжаттарының: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы»; «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»; «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларын қарайды.
Сенат басшысы еліміздің негізгі қаржы құжаттары болып табылатын заң жобаларының маңыздылығына Бюро мүшелерінің айрықша назарын аударды. Қ.Тоқаев сенаторларды бұл заңнамаларды талқылауға мұқият әзірленуге шақырды. Төраға Бюро мүшелерін алдағы парламенттік шаралармен таныстырды. 18 қарашада Сенатта «Қазақстан Республикасындағы биологиялық алуантүрлілікті сақтауды заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтеді.
23-25 қараша аралығында еліміздің парламенттік делегациясы Санкт-Петербург қаласында өтетін ҰҚШҰ ПА және ТМД ПАА шараларына қатысады. Нева жағалауындағы қалада маңызды тарихи оқиға - Ресей империясының алғашқы Мемлекеттік Думасына Семей облысынан депутат болған Әлихан Бөкейхановтың бюсті тарту етіледі. Көрнекті саяси қайраткердің 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында мерекеленеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы