- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында күрделі қалыптасу жолын жүріп өтті
Н.Назарбаев: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында күрделі қалыптасу жолын жүріп өтті
«Бір айдан кейін Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Бұл мерейтойға еліміз өте белсенді дайындалып жатыр. Қазақстан алғаш рет әлем картасына енген кез біз үшін өте құнды. Тәуелсіздік – біздің халық үшін өте маңызды жетістік. Ширек ғасыр - тарихи уақыт, ол қазіргі заманғы әрбір жас ұлттың перспективасы мен әлеуетін айқындайды», - деді Н.Назарбаев.
Президент айтып өткендей, Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында қалыптасу жолын жүріп өтті.
«Біз бұрынғы КСРО-ның 15 республикасының аутсайдерлер қатарында болдық, көптеген аспектілер бойынша біз нашар жағдайда тұрдық. Бізде мемлекет, институт, ақша және резерв қорлары болмады. Барлық өнеркәсіптік қуаттылықтар Мәскеудегі орталық ведомствоның қарамағында болды. Қазақстан өз әлеуетінің 15 пайызын басқарды. Біз адамдардың өмір сүру деңгейі, әлеуметтік даму салалары бойынша артта қалдық. Біз барлығын жаңадан бастадық. Бізде қуатты саяси жігер болды, тәуелсіздігі бар гүлденген ел құруға ұмтылдық. Осы жылдары бейбітшілік пен тұрақтылықты 100 ұлттың өкілі мен 20 діни конфессия біріккен елде сақтап қалдық», - деді Елбасы.
Астанада Астана клубының екінші отырысы өтуде. Шараға әлемнің 50 үздік сарапшысы мен саяси және қоғам қайраткерлері мен 21 елдің ғалымы, қазақстандық сарапшылар қатысып жатыр.
Айта кетейік, Астана клубы – халықаралық пікірталас алаңы, ол 2015 жылы Тұңғыш Президент қорының жетекші халықаралық ғылыми орталықтардың бірігуімен құрылған болатын. Ең алғашқы отырыс 2015 жылдың қарашасында өтті, шараға 15 елдің 47 сарапшысы қатысты.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру