- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Астана клубының мүшелері жаһандық қауіпсіздікті нығайта алады
Н.Назарбаев: Астана клубының мүшелері жаһандық қауіпсіздікті нығайта алады
Астанада Астана клубының екінші отырысы өтуде. Шараға әлемнің 50 үздік сарапшысы мен саяси және қоғам қайраткерлері мен 21 елдің ғалымы, қазақстандық сарапшылар қатысып жатыр.
«Қазақстанның елордасы Астанада сіздерді қарсы алғаныма қуаныштымын. Шарада жетекші ғалымдар, 20 елдің сарапшылары бас қосты. Бүгінгі жаһандық турбуленттік жағдайында әлемдік экономика мен саясат саласында маңызды мәселелер бар. Сондықтан, Астана клубының мүшелері бейбітшілік пен тұрақтылықты, жаһандық қауіпсіздікті нығайту үшін маңызды ұсыныстарды әзірлеп жатқанына көзім жетті. Біз Азия мен Еуразиядағы өңірлік мәселелерді осында талқылайтындарыңызға сенеміз. Әлемде болып жатқан барлық оқиға жылдам өзгеріске ұшырайды», - деді Елбасы.
Айта кетейік, бірнеше күндік бағдарламада өзекті мәселелер талқыланады, оның ішінде экономикалық даму, инфрақұрылым мен ресурстық сектор, адамзаттық капиталды дамыту мәселелерін өңірге қаысты әлемдік елдер талқылайды.
«Қазірде Жапония мен Оңтүстік Кореядан жаңа әсермен оралдым, барлық елде проблема бар, оны бірігіп шешу қажет. Қазақстанда өзекті мәселелерді шешу үшін жиналғандарыңыз өте маңызды. Қазір сіздердің ұсыныстарыңыз өте маңызды», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Астана клубы – халықаралық пікірталас алаңы, ол 2015 жылы Тұңғыш Президент қорының жетекші халықаралық ғылыми орталықтардың бірігуімен құрылған болатын. Ең алғашқы отырыс 2015 жылдың қарашасында өтті, шараға 15 елдің 47 сарапшысы қатысты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары