- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 10 айда химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру көлемі 25,6%-ға өсті
СҚО-да 10 айда химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру көлемі 25,6%-ға өсті
Бiрiншi мәселе бойынша статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржауыпова баяндады. Үстiмiздегi жылдың тоғыз айының қорытындысына сай бiздiң облыс республиканың 16 өңiрi арасында тұтынушы бағаларының индексi бойынша үшiншi орында, тұрғын үйдi пайдалануға беру қарқыны 115,5%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Азық-түлiк өнiмдерiн өндiру көлемi 5,8%-ға артты, оның iшiнде ұн өндiрiсi 39,9%-ға, ұзақ уақыт сақталатын кондитерлiк өнiм 17,2%-ға, сүт өнiмдерi 3,8%-ға, мал азық-жемi 5,2%-ға артты. Сусын өндiрiсi 2,2 есе, химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру 25,6%-ға, жеңiл өнеркәсiп 8,2%-ға өстi», — дедi Марал Нұржауыпова.
Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, өндiрiс қарқыны Айыртау, Ақжар, М.Жұмабаев аудандарында жоғары.
Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров аудан әкiмдерiне көрсеткiштi жоғарлату мүмкiндiгi бар салаларда жұмысты күшейтудi тапсырды.
Әрi қарай медициналық қызметтерге ақы төлеу департаментiнiң басшысы Батырбек Нұрғалиев мекеменiң ағымдағы жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы жөнiнде мәлiмет бердi.
«Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 5 млрд. 973 млн.теңге қаржыландыру жоспары 100%-ға жүзеге асырылған. 6 млрд. 041 млн. теңгенiң арнайы медициналық көмегiн 59 225 емделушi алып, жоспар 100%-ға орындалды, оның iшiнде стационарлық көмектi 44 089 және стационарды алмастыратын көмектi 15 136 емделушi алды», — деп мәлiмдедi Батырбек Нұрғалиев.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті