- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 227 спортшысы Универсиада-2017-ге дайындалып жатыр
Қазақстанның 227 спортшысы Универсиада-2017-ге дайындалып жатыр
«Қазіргі уақытта 227 мықты спортшы дайындалып жатыр, олардың 121-і жігіттер және 106-сы қыздар. Олармен 66 бекітілген маман жұмыс жасауда, олардың арасында жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. бар», - деді ол.
Универсиадаға қатысуға үміткерлер құрамына еліміздің барлық жетекші спортшылары, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен, фристайлдан Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова, конькимен жүгіру спортынан Роман Креч, Станислав Палкин және шорт-тректен Айдар Бекжанов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша енді.
Айта кетер болсақ, Қазақстан Тәуелсіздік жылдары он екі Дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, 44 медальді еншіледі, олардың 18-і алтын, 13-і күміс және 13-і қола.
А. Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Универсиадада спорттық көрсеткіштер жетістіктері бойынша спорттық резервтің мақсатты бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
ҚР БҒМ тарапынан жоспарланған 29 оқу-жаттығу даярлықтарының 13-і өткізілді, ойын алдында Универсиаданың спорт құрылыстарын тексеру мақсатында қалғандары биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Олимпиадалық дайындық орталығының желісі бойынша биылғы жылдың 10 айында 115 спорт шарасы өткізілді, Ұлттық штаттық командалар дирекциясы мен спорттық резерв осы кезеңде 168 спорт шарасын ұйымдастырды.
Бұдан өзге, 2016 жылға арналған бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Универсиадаға дайындық аясында Алматы қаласында 5 тестілік жарыс өткізу көзделген.
Еске сала кетейік, Универсиада-2017 Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 50-ден астам елден 2 мың спортшы қатысады. Сайыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр