- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Алматыдағы Универсиада-2017 тарихтағы ең ірі шара болмақ
Б.Байбек: Алматыдағы Универсиада-2017 тарихтағы ең ірі шара болмақ
«Универсиада ойындарын әлемнiң 80 елiнде 7 халықаралық арна көрсетедi. Олар 1 миллиардтан астам көрермендi қамтиды. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн 6,5 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкерiн тарту көзделiп отыр. Жергiлiктi бюджет есебiнен жарылыс затын анықтайтын 15 детектор сатып алынады. 4 мың қауiпсiздiк қызметкерiнiң тамағы қамтамасыз етiледi. Әуежайда орнатылатын 3 тепловизор алу және төртiншi, жетiншi қалалық ауруханалардың аумағында тiкұшақ алаңын жасақтау мәселесi шешiлдi. Қатысушыларды және көрермендердi тексеру үшiн 2 мобильдiк тексеру кешенi және 9 рентген құрылғы тартылады», - деп баяндады Алматы әкiмi.
Айта кетейiк, қазiргi уақытта қысқы универсиадаға тiркелген мемлекеттердiң саны 57-ге жеткен. Виза мәселесi дешешiлген. 57 мемлекеттiң 45-i Қазақстанға визасыз кiредi. Ал 4 мемлекет елшiлiктерде, 7 ел әуежайда виза алатын болады.
Қазіргі уақытта 227 мықты спортшы дайындалып жатыр, олардың 121-і жігіттер және 106-сы қыздар. Олармен 66 бекітілген маман жұмыс жасауда, олардың арасында жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. бар.
Бұдан өзге, 2016 жылға арналған бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Универсиадаға дайындық аясында Алматы қаласында 5 тестілік жарыс өткізу көзделген.
Еске сала кетейік, Универсиада-2017 Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада жарыстарына 50-ден астам елдің 2000 спортшысы қатысады. Жарыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады