- Басты
- Жаңалықтар
- Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастры баспана ресімдеудегі кедергілерді азайтады
Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастры баспана ресімдеудегі кедергілерді азайтады
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсіпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердің ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысуда. Конференция нәтижесінде қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжірибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
«Бұл шара біз үшін - тек қана бірегей диологтар алаңы емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасында Біріңғай кадастрлық есеп жүйесін құру механизмі мен шешім қабылдауда бірыңғай түсіністікке келу мүмкіндігі болып табылады» - деді Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында біз жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгізген болатынбыз. Бірыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелерді біріктіруді, жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында әкімшілік кедергілерді азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлікке құқықтарды есепке алу және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді».
Бүгінгі күні мемлекеттік корпорацияда жер телімдерінің, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ – қабаттары, инженерлік коммунакациялармен, жол-көшелік желілер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының мүмкіндіктері жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделі құрылыстар мен құрылыстарды үйлестіруді орындаған.
.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ