• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы ауған парламентариясының тобын қабылдады

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы ауған парламентариясының тобын қабылдады

9 Желтоқсан, 2013 13:20
ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Ауған Ислам Республикасы Волеси Джирга вице-спикері Мұхаммад Салжуки бастаған ауған парламентариясының тобын қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Тараптар парламентаралық әріптестік болашағын талқылады. Нұрлан Нығматулин мен Мұхаммад Салжуки мамандандырылған комитеттер мен әріптестік топтар арасындағы жұмыс байланыстарын белсенді ету болашақтағы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуға жол ашатыны жайлы ортақ пікірде болды», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында ауғанның қазіргі ахуалы да кеңінен сөз болды.

Мәжіліс төрағасы Ауғаныстандағы тұрақтылық және қауіпсіздік бойынша әріптестік таныту Қазақстан Президентінің сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміз Ауғанстанға жыл сайын экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді, атап айтар болсақ тұрақты түрде жанармай жеткізеді. 2010 жылдан бастап ауған жастарына арналған білім беру бағдарламалары да сәтті орындалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанның ЖОО-да 600-ден астам ауған жастары білім алуда.

 «Парламентаралық байланысты одан әрі нығайту мақсатында бүгін Ауғанстан Парламенті төрағасының орынбасары бастаған ауғанның парламенттік делегациясының жұмыс сапары басталды», - деді Алтай Әбибуллаев.

«13 желтоқсанда Мәжілістің жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті деңгейде басқаруға жататын реформаларды талқылау мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланған», - деп толықтырды ресми өкіл.

 «2014 жыл Ауғанстан үшін үлкен маңызға ие екені белгілі. Елдің әрі қарай дамуына келер жылдың сәуір айындағы Президенттік сайлаудың рөлі орасан», - деді Н.Нығматулин.

Өз кезегінде Мұхаммад Салжуки Қазақстан Президентіне маңызды әлеуметтік және гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдірді.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қазақстан аймақтың ұйымдардың, атап айтар болсақ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және өзге де ұйымдардың жұмыстарындағы Ауғанстанды қолдау бастамаларына қолдау білдіретінін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар