- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр СІМ-ге елге инвестиция тартуды белсенділетуді тапсырды
Премьер-Министр СІМ-ге елге инвестиция тартуды белсенділетуді тапсырды
«ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев инвестициялар тарту мәселесін айрықша бақылауда ұстап отыр.Мемлекет басшысының Корея мен Жапонияға сапары барысында ірі бизнес тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық байқалған, сондықтан да жүргізіліп жатқан жұмысты барлық бағыт бойынша жетілдіре түсу керек. Жапонияда Елбасын қосақтағандардың бәрімен әңгімелесу өткізілді. Қазір Президент бізге жұмысты күшейту керектігін еске салды. Оның ішінде инвестиция комитетінің жұмысы да бар. «KAZNEXT INVEST» жұмысты қажетінше орындамаса, елшіліктердегі арнайы өкілдермен жұмысты жалғауымыз қажет», - деді Премьер-Министр.
Б. Сағынтаев Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері әлеуетті инвесторлармен тұрақты байланыста болып, отандық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына жәрдемдесу керектігін айтты. Бұдан өзге, ел ішінде инвесторлар мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу қажет.
Сондай-ақ, Б. Сағынтаев министрлерге үкіметаралық комиссия құрамында инвестициялар тарту бойынша жұмысты тиімді жүргізіп, олармен жұмыс кезінде барынша көп жауапкершілік таныту керектігін хабарлады.
Премьер-министр Ерлан Ыдырысовқа түзетілген меморандумдар тиімділігіне мониторинг жүргізуді тапсырды.
«Мемлекет басшысының сапары аясында бизнес-форумдар мен келісімдер, меморандумдар түзіледі, меморандум қандай жолмен жүргізілетінін де білмеймін. Біз оны қағаз жүзінде ғана емес, іспен де жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан бізге «ревизия» қажет. Бұл жұмысты СІМ мен ИДМ келісіп жыл соңына дейін аяқтауы керек», - деді Б.Сағынтаев.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары