- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ветеринарлық бақылау күшейтіледі
Қазақстанда ветеринарлық бақылау күшейтіледі
Вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу, жануарларды бірдейлендіру және санитарлық мал союды ұйымдастыру, ветеринарлық анықтаманы беру, ішкі сауда объектілеріне, жеке ветеринариялық дәрігерлердің жұмысына, емдеу мекемелеріне, дәріханалар мен зертханаларға, ветеринариялық-санитарлық сараптамаларға бақылау жүргізу және мал қорымдарымен қамтамасыз ету.
ҚР АШМ өкілі вакцина сатып алу жүйесін жетілдіру шаралары туралы баяндады.
«Сапасыз вакцинаны өндірудің бірден-бір себебі вакцинаны қысқа мерзімде жеткізу болып табылады. Осыған байланысты, жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу конкурсын 15 желтоқсанға дейін хабарлау сияқты конкурстық құжаттарға бірнеше өзгерістер енгізілді»,- деді Қ.Айтуғанов.
Қайрат Айтуғанов ветеринария саласын модернизациялауға бағытталған алдағы жоспарланған шараларды да айта кетті. Мысалы, ветпрепараттарды өндірушілер мен жеткізушілер үшін талаптарды күшейту көзделіп отыр. Талаптар орындалмаған жағдайда заңға сәйкес, лицензияларынан айрылып қалулары да мүмкін.
Сондай-ақ баяндамада, Бірінші вице-министр Қ. Айтуғанов, АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жасалынып жатқан Мемлекеттік бағдарламасында ветеринарлық бақылауды күшейту мақсатында бірнеше өзгерістер енгізу көзделіп отырғанын айтты. Олар: малдарға арналған сырғаларды сатып алу функциясын әкімдікке беру, ветеринарлық ұйымдардың талаптарын жергілікті атқарушы органның бекіту, әкімдіктегі ветеринариялық бөлімшелердің жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі, ауыл шарушылығы өнімін өндірушілердің әкімдіктегі ветеринариялық бөлімшелер алдында есеп беруді енгізу болып табылады.
Баяндама соңында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қ.Айтуғанов ветеринария саласында тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат беріп өтті.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады