- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: Қазақстанда сарып ауруына шалдығу 40 пайызға төмендеді (ФОТО)
АШМ: Қазақстанда сарып ауруына шалдығу 40 пайызға төмендеді (ФОТО)
«Өзара іс-қимылдың аталған үлгісі оң нәтижелер көрсетті. Мысалға, 1 қарашадағы көрсеткіш бойынша адамдар мен жануарлардың бруцеллезбен ауыруы былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40%-ға төмендеген. Зерттеулердің мерзімін қатаң сақтау мен ауру малдарды уақытылы союдың нәтижесінде жануарлар мен адамдардың ауруды әрі қарай қайта жұқтыруы шектелді», - деді ол.
Ветеринария саласының негізгі функциялары Әкімдік арқылы жүзеге асырылады. Мысалға, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу, жануарларды бірдейлендіру және санитарлық мал союды ұйымдастыру, ветеринарлық анықтаманы беру, ішкі сауда объектілеріне, жеке ветеринариялық дәрігерлердің жұмысына, емдеу мекемелеріне, дәріханалар мен зертханаларға, ветеринариялық-санитарлық сараптамаларға бақылау жүргізу және мал қорымдарымен қамтамасыз ету.
ҚР АШМ өкілі вакцина сатып алу жүйесін жетілдіру шаралары туралы баяндады. Қазақстанда сарып ауруына шалдығу 40 пайызға төмендеді.
«Сапасыз вакцинаны өндірудің бірден-бір себебі вакцинаны қысқа мерзімде жеткізу болып табылады. Осыған байланысты, жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу конкурсын 15 желтоқсанға дейін хабарлау сияқты конкурстық құжаттарға бірнеше өзгерістер енгізілді»,- деді Қ.Айтуғанов.
Қайрат Айтуғанов ветеринария саласын модернизациялауға бағытталған алдағы жоспарланған шараларды да айта кетті. Мысалы, ветпрепараттарды өндірушілер мен жеткізушілер үшін талаптарды күшейту көзделіп отыр. Талаптар орындалмаған жағдайда заңға сәйкес, лицензияларынан айрылып қалулары да мүмкін.
Индира Кауметова
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді