• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Шериязданов: 10 жыл ішінде АӨК-ні қолдауға «ҚазАгро 2 трлн. теңгеден астам қаражат бағыттады

С.Шериязданов: 10 жыл ішінде АӨК-ні қолдауға «ҚазАгро 2 трлн. теңгеден астам қаражат бағыттады

14 Қараша, 2016 11:14
10 жыл ішінде елдің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға Холдингпен 2 трлн. теңгеден астам қаражат бағытталды, деді ОКҚ брифингінде “ҚазАгро” ҰБХ” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Салауат Шериязданов.

“Тәуелсіздіктің 25-жылдығы «ҚазАгро» холдингінің 10-жылдығымен сәйкес келіп отыр. Осы уақыт ішінде Холдинг компанияларының тобы аграрлық сектордың жалпы дамуына елеулі  үлес қосты.10 жыл ішінде елдің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға Холдингпен 2 трлн. теңгеден астам қаражат бағытталды”, - деді ол,   

Егер, алғашқы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға біз 116 млрд.теңге бағыттаған болсақ,  соңғы жылдары жыл сайын шамамен 300 млрд.теңге бағыттаймыз. Оның  16%-ы  мемлекеттік қорландыру қаражаты, яғни бюджеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне Холдинг капитал нарығынан 5,4 теңге тартады.

10 жыл ішінде компания тобының активтері 6,3 есеге өсті, меншікті капитал 3,3 есеге, ал кірісі – 2,2 есеге ұлғайды.

Несие қоржынының көлемі 7 есеге өсті және 600 млрд.теңге шамасын құрады, ол саланы несиелеудің жалпы көлемінің 43%-ын құрайды. Холдингтің несие қоржынында шамамен 50.000 қарыз алушы бар. Яғни, бүгінгі таңда Холдинг – агроөнеркәсіптік кешендегі ең ірі кредитор болып саналады.

Холдингтің қызметі маңызды әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететінін атап өту қажет –  31,7 мың жаңа жұмыс орындары құрылды және 141 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ оның қызметі агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін қаржыландыруға және өткізу нарықтарына қол жетімділікті жоғарылатуға бағытталған.

Анықтама: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық                       компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

 

Барлық жаңалықтар